2-3 шілде күндері сағат 19:00-де орталық алаңда Ұлттық домбыра күніне және Қазақстанның Халық әртісі, күй анасы Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған «Ғасырлар пернесі» облыстық қазақ ұлт аспаптар ансамбльдерінің фестивалі өтеді. Фестивальдің мақсаты: ұлт аспаптар ансамбльдерінің әуендік, әуездік жоғары мүмкіндіктерін анықтау, ұжымдармен орындаушылардың арасында өзара шығармашылық тәжірибе алмасуды жүзеге асыру, өнерпаздардың өнердегі өрісін кеңейтіп, шеберлік деңгейлерін шыңдау. Барша қала тұрғындарын мерекелік думанға шақырамыз!