Құрметті кітапсүйер қауым, әдебиет жанашырлары! 23 желтоқсан күні М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты "Ұлы даланың жеті қыры" аясында жүзеге асырылып жатқан «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы бойынша дайындалған антология лық басылымдардың жаңа томдарының online тұсаукесер рәсімін ұйымдастырады.
Үстіміздегі жылы ғаламдық пандемия жағдайына байланысты салтанатты іс-шараға жобаның құрастырушылары, редакциялауға атсалысқан ғалымдар, редакторлар мен әдебиет сарапшылары, БАҚ өкілдері ғана қатысады
Тұсаукесер рәсімі тікелей эфирде Zoom платформасында және Facebook әлеуметтік желісінде өтеді.
Уақыты: 23 желтоқсан, 2020 жыл, 14:00 (Алматы уақыты, 10-15 минут бұрын қосылу керек)
Zoom-ға қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/6647775555
Конференция идентификаторы: 664 777 5555