Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған
«Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты ХХХVІIІ облыстық көркемөнерпаздардың Халық шығармашылығы байқау-фестивалі
Өткізу мерзімі:
Сәуір - мамыр, 2026 жыл
Мақсаты мен міндеттері:
• қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, салт-дәстүрмен, тілмен және мәдени мұрамен ұштасқан ұлттық бірегейлікті сақтау;
• көркемөнерпаздар халық шығармашылығының барлық түрлері мен жанрларын дамыту;
• жаңа талантты шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды анықтау және қолдау;
• әлемдік және қазақстандық мәдениет, өнер қайраткерлерінің шығармаларын насихаттау арқылы жастарды мәдени құндылықтарға тәрбиелеу;
• облыстың көркемөнерпаздар шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушыларының шеберлігін арттыру.
Фестиваль кестеге сәйкес (қоса беріледі) ауданның (қаланың) үздік ұжымдары мен орындаушыларының қатысуымен өтеді. Барлық бағалау критерийлеріне сай талаптарды орындаған ауданның (қаланың) үздік ұжымдары мен орындаушыларын қазылар алқасы бағалайды. Фестиваль соңында облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалінің қорытындысын шығарады.
Іс-шараны ұйымдастырушылар:
- Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы;
-«Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Облыстың электрондық және баспа БАҚ журналистерін осы іс-шараға қатысуға және ақпараттық қолдау көрсетуге шақырамыз.
Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс нөміріне хабарласуға болады:
Телефон: 8(7142) 56-01-29; 56-04-10
Мекен-жай: Қостанай қаласы, Лермонтов к-сі, 15
Электронды пошта: 1@ocsnt.kz
Website: www.ocsnt.kz