Ұлт руханиятының шамшырағы – Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған ақындар айтысы
Құрметті өнерсүйер қауым!
Қазақ халқының ұлы перзенті, Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған «Ұлт руханиятының шамшырағы» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.
Айтысқа еліміздің түкпір-түкпірінен әйгілі айтыскерлер қатысып, елдік пен ерлікті, рух пен тәуелсіздікті жырға қоспақ.
Қазылар алқасының төрағасы – ақын, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.
Айтыстың жүргізушісі – филология ғылымдарының докторы, профессор, белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтай.
📍 Өтетін орны: Жангелдин ауданы, «Топжарған» стадионы
🕝 Уақыты: 2025 жылғы 20 қыркүйек, сағат 14:30
Баршаңызды ұлт рухын асқақтататын жыр додасына шақырамыз!