Шынайы еңбек пен рухани өнерді серік еткен, сөз өнерінің саңлағы, белгілі айтыскер әрі еңбек адамы Ғалымгерей Кенжеғозинмен тағылымды сұхбат өтпек. Іс-шара «Шаңырақ» ұлттық өнер орталығында ұйымдастырылады.

Ғалымгерей Кенжеғозин – тек айтыс сахнасының жүйрігі ғана емес, еңбекті қадір тұтып, қарапайым тіршілікте де үлкен өнеге көрсете білген жан. Сұхбат барысында ол шығармашылық жолы, ұлттық өнердің мәні мен маңызы, сондай-ақ еңбек пен өнерді ұштастырудың үлгісі туралы ой бөліседі.
Бұл кездесудің – жұмысшы мамандықтар жылында жастарға айтар ойы бар.
Тыңдаңыздар, шабыт алыңыздар!
📅 Өтетін уақыты: 23 маусым
📍 Өтетін орны: «Шаңырақ» ұлттық өнер орталығы