Сарыкөл ауданында Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шығыстың шоқ жұлдызы» атты облыстық ақындар айтысы өтеді!
🗓 Өтетін күні: 2025 жылғы 25 маусым
🕑 Басталуы: сағат 14:00
📍 Өтетін орны: Сарыкөл ауданы, аудандық Мәдениет үйі
Айтыстың мақсаты – ұлы ағартушы, ғалым, этнограф Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасын насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Аймақтың аудан-қалаларынан 16 үздік ақын келіп, сөз сайысына түседі.
Айтыс барысында ақындар Шоқанның еңбегі мен тұлғалық болмысын өлеңмен өрнектеп, өз өнерлерін ортаға салады.
Қазылар алқасы:
• Айбек Қалиев — «Мәдениет саласының үздігі» «Айтыстың ақтаңгері» Арқалық қаласы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық инстетуттың педагогика және филология факультетінің деканы.
• Нұрқанат Құлабаев — ақын, журналист;
• Гүлмарам Жүсіпқызы — Сарыкөл ауданының мәдениеті мен өнеріне көп жылдар бойы еңбек сіңірген өнер ардагері;
• Әбдіхалықов Әбутәліп Әмірұлы — жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы білім беру саласының үздігі.
Бұл – өнер сүйер қауым үшін үлкен рухани мереке!
Баршаңызды айтыс додасын тамашалауға шақырамыз!