Қамысты аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Жайылма» театры көрерменге «Көресіңді көрмей...» екі актілі мелодрамасын ұсынады. Авторы – ҚР Жазушылар одағының мүшесі, драматург жазушы Л.Егембердиева.

Бүгінгі күннің тақырыбына жазылған, тәрбиелік мәні бар шығарма. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас. Ішімдікке салынған ұл мен келіннің ананың жүрегіне ауыр жара салып, тағдырына налыған ананың талай-тағдыры бейнеленеді.
Кіші ұлы мен келінінің рахымсыздығынан өз үйі, өлең төсегінен қуылған ананың тағдыры. Бір баладан жапа көрген ана, екінші баладан да «көңілім қалар ма» деген секем де баршылық... Жүрексінген анаға қаладағы үлкен ұлы мен келіні керісінше жайма шуақ өмір силайды.
Кеңес үкіметі заманында алғашқы Тың игерушілердің бірі болған жас Ақдидар өзі сияқты жас жігіт Өмірсерікпен тұрмыс құрған еді.Сол кезде «ұлтшыл деген» баппен он жылға сотталып кетіп, қол үзіп қалған тұңғыш ұлының әкесін, ойда-жоқта қалалық бақилықтар орын алған «Кеңсайда» кездеседі. Осы кездесу ана жүрегін қайта түлетіп, өмірге деген құштарлығын арттырады. Қойылым сюжеті осылайша өрбиді.
Бүгінде аудан әкімшілігі театр ұжымына арнайы қосымша штат бөлген. Театр жетекшісі – Еркебұлан Кәрімұлы. Аудандық мәдениет үйінде бүгін премьерасы болады.