Құрметті Қостанай қаласының қонақтары және тұрғындары! Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтай отыра Қостанай қаласының «Жастар» сарайы сахнасында халықаралық деңгейдегі «Наурыз достарын шақырады» хореографиялық өнер фестивалін тамашалауға шақырамыз.

Өз мәдениетін би өнерімен ала келген:
1. «Жаш канат» би ансамблі, Бішкек қаласы, Қырғыстан Республикасы;
2. «Солнышко» би ансамблі, Стерлитамак қаласы Башқұртстан Республикасы, Ресей Федерациясы
3. «Родничок» би ансамблі, Челябі облысы, Ресей Федерациясы;
4. «Дружба» би ансамблі, Архангельск қаласы, Ресей Федерациясы;
Және Қазақстан Республикасынан қатысушылар:
5. «Айгөлек» би ансамблі, Ақсу қаласы, Павлодар облысы;
6. «Қарлығаш» халық би ансамблі, Петропавл қаласы;
7. «Звезды» би ансамблі, Федоров ауданы, Қостанай облысы;
8. «Экзерсиз» би ансамблі, Б.Майлин ауданы, Қостанай облысы;
9. «Карнавал» би ансамблі, Қостанай қаласы.
Ұлттық би өнерін тамашалау үшін 15 наурыз күні сағат 15:00-де және 16 наурыз күні сағат 12:00-де «Жастар» сарайында күтеміз!
Келіңіздер, әсем өнерді бірге тамашалайық!