Қостанайда дәстүрге айналған «Наурыз достарын шақырады» VI халықаралық халық би фестиваліне дайындық қарқынды жүріп жатыр!
🌍 15-16 наурыз күндері өтетін бұл ерекше шарада түрлі елдерден келген талантты би ұжымдары өз өнерлерін ортаға салады.
💃 Жергілікті өнерпаздар, оның ішінде «Карнавал» би ансамблі, Бейімбет Майлин және Федоров ауданының бишілері қызу дайындық үстінде.
Көктемнің шуақты мерекесінде өнер кешін тамашалауға шақырамыз!
📍 Өтетін орны: Жастар сарайы
🎟 Кіру тегін!