«Наурыз достарын шақырады» Көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамы аясында Қостанайда дәстүрге айналған «Наурыз достарын шақырады» VI халықаралық халық би фестивалі өтеді!

Бұл фестиваль – тек бидің ғана емес, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықтың символы.
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік би ұжымдары өз халқының дәстүрі мен өнерін халық биі арқылы паш етіп, ұлттық мәдениеттің сан алуан қырын көрсетеді.
Өтетін күндері: 14-17 наурыз
Өтетін орны: Қостанай қаласы, «Жастар сарайы»
Би мерекесінен құр қалмаңыз!
Кіру тегін!