Түркістан командасы Қостанайда: командалық айтысқа қатысушылар құрметпен қарсы алынды!
Қостанайға бүгін айтыстың басты қатысушыларының бірі – Түркістан командасы да Қостанай жеріне табан тіреді!
Бекарыс Тұрар бастаған Түркістанның талантты ақындары, жыршы-термешілері, дәстүрлі әншілері мен күйшілері сағат 20:00-де Қостанайға келіп жетті. Оларды қостанайлық өнерпаздар ыстық ықыласпен, құрметпен қарсы алды.
Енді ертең, 2 наурыз күні, қазақтың төл өнерін дәріптейтін командалық айтыс өтеді! Қостанай мен Түркістан өңірлерінің үздік ақындары сөз сайысына түсіп, тыңдарманды тартысты жыр-майданымен қуантпақ.
📅 Күні: 2 наурыз
⏰ Басталуы: 15:00
📍 Өтетін орны: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85
Ұлы өнердің ұлықталатын сәтін бірге тамашалайық! Қош келдіңіздер!