Қостанайда командалық айтыс: Жүрсін Ерман бастаған құрметті қонақтар қарсы алынды
Кешке таман Қостанайға қазақ айтысының ақтаңгері, айтыс өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосқан Жүрсін Ерман бастаған құрметті қонақтар келіп жетті. Оларды А.Байтұрсынұлы атындағы әуежайдан зор құрметпен Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Атамұратов Құралбек Бүркітбайұл, бас болып қарсы алды. Қазақы дәстүрге сай ән мен жыр шырқалып, шашу шашылды.
Естеріңізге сала кетейік, Қостанайда командалық айтыс өтеді. Ертең, 2 наурыз күні, өңірдің ең үздік сөз зергерлері – Қостанай мен Түркістан аймағының ақындары, жыршы-термешілері, дәстүрлі әншілері мен күйшілері өз өнерін ортаға салады.
📅 Күні: 2 наурыз
⏰ Басталуы: 15:00
📍 Өтетін орны: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85
Ұлттық өнердің ұлы тойына куә болыңыз! Сөз сайысын тамашалап, айтыс рухын бірге сезінейік!