Қостанайға Аманжол Әлтаев пен қазылар алқасы келді: ертең командалық айтыс өтеді!
Бүгін Қостанайға ақын, айтыскер Аманжол Әлтаев бастаған құрметті қонақтар мен қазылар алқасының мүшелері келіп жетті. А.Байтұрсынұлы атындағы әуежайдан оларды дәстүр бойынша ән-жырмен, шашумен Қостанайдың өнерпаздары қарсы алды.
Ертең Қостанайда командалық айтыс өтеді!
Бұл додада Қостанай мен Түркістан өңірлерінің суырыпсалма ақындары, жыршы-термешілері, дәстүрлі әншілері мен күйшілері бас қосады. Айтыс барысында сөздің құдіреті мен өнердің өрнегі тоғысып, нағыз рухани тартыс көрініс табады.
Келіңіздер, айтыстың аламанын бірге тамашалайық!
📅 Күні: 2 наурыз
⏰ Басталуы: 15:00
📍 Өтетін орны: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85




