Құрметті өнерсүйер қауым! Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Екідің ауылының тумасы, жерлесіміз, талантты әнші-композитор Азамат Абдрахиевтің шығармашылық кеші өтеді!
Азамат Абдрахиев – Айгүл Үлкенбаеваның шәкірті, Анар Абеуованың домбыра сыныбында тәлім алған. Оның ұстаздары қатарында профессор Кеңес Дүйсекеев, Серік Еркінбеков, Серікжан Әбдінуров және доцент Әліби Әбдінуров сынды дарынды тұлғалар бар. Композитор бірнеше варияция, үш соната, симфониялық поэмалар және көптеген әсем әндердің авторы.
Ертең, 8 қаңтар күні, сағат 20:00-де, Астанадағы Жастар сарайында оның алғашқы концерті өтеді.
Қолдау білдіріп, керемет кештің куәсі болуға шақырамыз!