Әулиекөлдің «Шабыт» театры Қостанайға алғаш рет гастрольдік сапармен келгелі жатыр. Құрылғандарына бір жыл болған жас ұжым қалың көрерменге «Садағаң кетейін...» драмасын ұсынбақ. Авторы – Н.Құлтаева.
Құмар ойын, нашақорлық, отбасылық құндылықтардың күйреуі, қателіктері қайғыға ұласқан кейіпкерлердің сан тағдырлары. Отбасының ыдырауы, өзара түсіністіктің жоғалуы, қарт ата-ананың қазасының бәрі де жауапсыз шешімнің салдарынан туындайды. Міне, осының бәрі де сахна төрінде өрбімек. Қойылымды шығарған түрлі кәсіп иелері.
Премьера 17 қаңтарда, сағат 18. 30-да,
І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында өтеді.
Келіңіздер, көріңіздер!