Әулиекөл ауданының «Шабыт» халық театры тәуелсіздік мерекесіне орай көрермендеріне ерекше сыйлық дайындап отыр. Театр ұжымы 18 желтоқсанда жаңа премьера – «Садағаң кетейін...» драмасының тұсаукесерін өткізбек. Осылайша аудан халқын мазмұнды өнер туындысымен қуантпақ.
Қойылым аудандық мәдениет үйінің сахнасында өтеді. Өнер сүйер қауымды кешкі сағат 17:00-де басталатын іс-шараға шақырамыз. Келіп, рухани әлеміңізді байытып, өнердің шынайы қуатын бірге сезініңіздер!