Тәуелсіздік күніне орай Сарыкөл ауданында өтетін мәдениет саласының қызметкерлері мен өнерпаздары арасындағы ерекше шара – "Өнер арланы – 2024" сайысына 17-18 желтоқсан күндері қатысып, өнердің құдіретіне куә болуға шақырамыз!
Бұл жарыс тек кәсіби шеберліктің емес, рухани биіктіктің, шығармашылық шабыттың мерекесі болмақ. Ұлттық өнерімізді дәріптеп, жаңа таланттарға қолдау көрсететін бұл шараны бірге тамашалайық!
Тәуелсіздік рухымен рухтанған өнер бәйгесінде Сіздерді күтеміз!