13 желтоқсан күні сағат 14:00-де Қостанайда "Едіге жыр" мектебінің ұстазы, мәдениет саласының үздігі, жыршы және термеші Әділбек Сариннің "Ұлы өнер, ұрпақтарға аманат" атты шеберлік сағаты өтеді
Әділбек Сарин өнердің қадірі мен маңызын түсіндіре отырып, жыршылық өнердің ерекшеліктерін айтып, білгенімен бөліседі.
Сонымен қатар, қатысушылар терме мен жыршы-жыраулық дәстүрлердің қыр-сырына қанығып, тәжірибелі маманнан кеңестер алады. Өзінің қос шәкірті де келеді.
Шеберлік сағатына мектеп оқушылары мен ұстаздары, жалпы өнер сүйер қауым қатысады.
Іс-шараны облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастыруда.