«...Қазақ тарихына, бүкіл түркі тарихына жасалған қиянатты көрдім. Мұны түзетуге ат салыспасам, менің азаматтығым қайсы? Менің әдеби шығарма жазғаным неге, кімге керек? Тіпті Нобель сыйлығын алсам да, бұдан халқыма, ұрпағыма тиетін пайда қанша? Деген оймен тарих саласына бет бұрдым» деген еді «Алтын тамыр», «Көмбе», «Қазақтың қилы тарихы», «Қазақтар», «Қазақ қазақ болғанға дейін», «Қазақ қазақ болғаннан кейін» атты роман жазған жазушы, түркі жазуын қайта жаңғыртып, жас ұрпаққа құнды мұра ұсынып жүрген тарихшы Қойшығара Салғараұлы «Астана ақшамына» берген сұхбатында.
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Қойшығара Салғараның 85 жасқа толуына арналған іс-шара 19 қарашада сағат 15.00 І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында өтеді.