Әр атқан таңымыз қуанышқа толы болсын. Өмірдің әр күнін қызықты ету өз қолымызда. Көтеріңкі көңіл-күй, сарқылмас шабыт, айналаға мейірім төгіп, жақсылық жасау үшін аппақ көңіл мен кең жүрек қана керек. Ендеше әсем ән сіздердің де көңілдеріңізді көтеріп, жадырата түссін.
◾️Анар Мұздаханова 1997 жылы Астана қаласында құрылған оркестрде алғашқы күннен бастап қызмет жасап келеді. Ол, күйші ретінде халық композиторларының туындыларын еліміздің үлкен сахналары мен шет елдерде дәріптеп жүрген өнер иесі.
◾️Осы концерттік кеште, Анар Мұздаханованың және Қазастан композиторларының күйлері, әндері, оркестрге жазылған шығармалары орындалады.
◾️Бұл кешке филармониямыздың «Қазақ оркестрі» Халық ән бөлімі және классикалық вокал бөлімінің әншілері қатысады.