19 сәуір, сағат 18:30 Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында Н.Молдахметов атындағы VII Халықаралық дирижерлер форумы аясында, Н.Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің, орыс халық аспаптар оркестрі мен камералық оркестрдің концерті өтеді.
Дәстүрге айналған беделді шара биыл облыстық филармонияның камералық оркестрінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Бұл бірегей музыкалық жоба!
Кеште, Рахат Мадреев /Ақтау қаласы/, Ерлан Бақтыгереев /Қарағанды қаласы /, Данил Стаднюк /Москва қаласы, РФ/, Руслан Бектаев /Өзбекстан/, Реваз Джавахишвили /Грузия/ және филармония солистері өнер көрсетеді.