«Наурыз достарын шақырады» халықаралық хореографиялық өнер фестивалі биыл 5 жыл қатарынан шымылдығын түрмек
Би байқауының облыс үшін маңызы зор, мақсаты да биік. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Фахрутдинов әу баста осы байқауды қолға алғанда би өнерін дамытып қана қоймай, ұлтаралық қатынас мәдениеттерін дамытуды, бейбітшілік пен достық мерекесі Наурыз нақышын би тілімен бедерлеуді және қазақтың ұлттық биін насихаттауды көздеген еді.
Осы мақсат орындалды деуге болады. Осы жылдар ішінде халықаралық фестивальге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен көрші Ресей елінен қаншама би ұжымы қатысып, білгендерін байытты.
Қазақстан өңірлері мен шет ел ұжымдарының арасында шығармашылық байланыс орнады. Балалар мен жасөспірімдердің хореографиялық шығармашылығына қолдау көрсетіліп, насихатталып келеді.