#REPOST @otbasyhrestomatiasy Құрметті ҚОСТАНАЙ қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді «ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МАЙДАН» атты ЖАҢА кітабымыздың ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫНА шақырамыз!
Болмыстағы рух сәулесі әманда тәуелсіз. Ол кез келген кедергіні қиып өтуге қабілетті. Ол үшін Құдай алдында, Ар алдында, Халық алдында моральдік жауапкершілік арқалап, «мәдени майданға» қорықпай кірсе жетіп жатыр. Сонда ешқандай жарақат адамды орға құлата алмайды. Оның дәлелі – Өзбекәлі!
Сондықтан оқырман, СІЗ де міндетті түрде келуге тырысыңыз! Себебі ӨЗБЕКӘЛІНІҢ мәдени майданда не үшін, қалай шайқасқанымен жете танысасыз. Тың ақпараттарға қанық боласыз.
Келіңіз, сізді асыға күтеміз.