Өмірде жарасымды жұп, өнерде үйлесімді дуэт, облыстың мәдениетіне зор үлес қосып, Әулиекөл ауданының киелі сахнасында қазақ әуенін әуелетіп, Тобыл-Торғай сазгерлерінің әндерін насихаттап жүрген, шығармашылық жолында ізденіп, ел алдында еңбек етіп, көрермен көзайымына айналған Асхат пен Дидар Шыңғысовтар отбасылық дуэті бүгін Алматы қаласында республика сарайында өткен "Махаббат әлемі" жұлдызды жұптарға арналған концертте өнер көрсетті
Қостанай, Тобыл-Торғай таланттары республикалық деңгейде өнер көрсеткені біз үшін мақтаныш, абырой. Құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз. Өмірде де, өнерде де жұптарыңыз жазылмасын. Жарасымды жұптың өнерін жаңа жылдың қарсаңында теле арналардан көретін боласыздар.
#ГидПоКазахстану