Тәтіқара бабамыздың 318-жылдығы және Сарыкөл ауданының 95 жылдығына орай өнерпаздар арасында қазақ күресінен облыстық «ӨНЕР АРЛАНЫ-2023» турнирі өтпек
Турнирді облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы мен Сарыкөл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бірігіп ұйымдастыруда.
Белдесуге облыс және аудандық мәдениет үйінде қызмет атқаратын өнерпаздарға ғана қатысуға рұқсат.
Қатысушылар өздерінің шынайы өнерпаз екендерін дәлелдеу мақсатында боз кілемде өнерлерін көрсетеді. Қатысушылар Қостанай өңірінен шыққан белгілі композиторлардың бір әнін жанды дауыста орындауы тиіс.
Өнерпаз арландарға сәттілік тілейміз!
#ГидПоКазахстану