29 маусым күні сағат 11:00-де Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығы қарсаңында, Ұлттық домбыра күніне орай "Күмбірле, қоңыр домбыра!" облыстық домбырашылар байқауы өтеді
Байқауға барлық аудандармен қалалардан 15 домбырашы өтінім берді.
Байқаудың қазылар алқасының құрамы:
Мұрат Хамитов - байқау төрағасы, Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының ұлттық жанр әдіскері;
Ыбырай Есжанов - Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармониясының "Ақжелең" фольклорлы-этнографиялық ансамблінің жетекшісі;
Данияр Рысбек - Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармониясының Назымбек Молдахметов атындағы қазақ ұлт-аспаптары оркестрінің әртісі.