«Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ «ӨНЕР КЕРУЕНІ» Жобасын ұсынады. Жоба барысында ауыл тұрғындарына облыстық филармония әртістері концерттік бағдарламаларын, мұражай қызметкерлері көрмелерін ұсынып, ал кітапхана қызметкерлері жазушылармен жүздестіріп, театрлар өз қойылымдарын тарту етеді. Сонымен қатар, музыканттар, театр әртістері, суретшілер өз саласында ауылдық үйірмелерде шеберлік сабақтарын өткізеді.