Сол кездегі облыс басшысы Кенжебек Үкіұлы мен мәдениет қайраткері, облыстық мәдениет басқармасының сол кездегі басшысы Римма Ғайсенова осындай өнер ұжымының құрлуына зор үлесін қосқан. Ансамбль осы екі ұлтжанды қайраткер тұлғаның ерік-жігері, солардың қолдап, қорғауы арқасында дүниеге келген еді. 1993 жылы Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияны бітірген тоғыз өрім жастың басын қосқан.