Құрметті өнер сүйер көрермен! Баршаңызды 30 қараша, сағат 19:00-де Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында өтетін жүзден аса күй жазған, көңілдегі мұң-шерді қоңыр күйдің тілімен күмбірлетіп, қазақ даласын киелі әуенімен әлдилеген күйші Әлшекей Бектібайұлының 175 жылдығына арналған «Желдірме» күй кешіне шақырамыз.
Кеште, Мүсілім Әмзе - ҚР еңбек сіңірген қайраткері /Алматы қ./, Марат Жанғазы – күйші, композитор /Алматы қ./, Әлімжан Әбсадықов – «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, күйші /Қызылорда қ./, Жұмагүл Қуанышқалиева - күйші /Астана қ./, облыстық филармонияның Н.Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі және филармония солистері өнер көрсетеді.
Келіңіздер! Керемет кештің куәсі болыңыздар!