Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК, облыстық «Best cover Kostanay» вокалдық байқауына қатысуға Мәдениет үйлерінен өтінімдер санының аздығына байланысты 35 жасқа дейінгі (жұмыс орнына байланысты емес) барлық ниет білдірушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қосымша қабылдайтынын хабарлайды. Өтінім 2022 жылдың 11 қараша күні, сағат 11:00-ге дейін қабылданады.