Қостанайда алғаш рет «Тобыл сазы» Қостанай композиторларының әндерін орындаушылардың облыстық ән байқауы өтеді.
Байқаудың мақсаты талантты жергiлiктi композиторлардың туындыларын қайта жандандыру, халыққа таныту; жастардың бойында патриоттық сезiм қалыптастыру; әншiлердiң орындаушылық шеберліктерін шыңдау.
Байқау шарты бойынша үміткерлер Тобыл-Торғай және өзге де қазақ композиторларының бiр-бір әнiн орындаулары қажет.
Шараны облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы мен облыстық «Композиторлар одағы» бірлесіп ұйымдастыруда.
Байқау Рудный қаласы "Орбита" демалыс орталығында 14 қараша сағат 15:00-де өтеді.