Ертең Сатирик-жазушы, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрларының фестивалі бастау алады. Осы байқауға қатысушардың алғашқы легі еліміздің әр өңірінен келуде.

Қонақтар Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Онымен қоса ұлт ұстазының өмір жолымен танысып, облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болып, өлкеміз туралы мәлімет алды.
Естеріңізге сала кетейік, ертең Қостанай ауданы, Тобыл қаласы, «Алтын дән» МҮ республикалық әзіл-ысқақ тетрларының фестивалі бастау алады.
13 қазан сағат 16:00 – бірінші кезең;
14 қазан сағат 10:00 – екінші кезең;
14 қазан сағат 13:00 – марапаттау.




