29 маусымда сағат 15:00 Қостанай қаласындағы Жастар сарайының
конференц залында «Күмбірле, қоңыр домбыра!» ұлттық домбыра күніне арналған облыстық күйшілер байқауы өтеді. Ал сағат 18:30 концерт залында облыстық «Ғасырлар пернесі» қазақ ұлт аспаптар ансамбльдерінің фестивалі бастау алады.
Шараны ұйымдастырушы облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы.
