Алтынсарин ауданында 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай "Отбасы - берекенің қайнар бұлағы" атты облыстық отбасылық ақындар айтысы өтеді. Бұл айтыстың ерекшелігі бір отбасынан шыққан айтыскер ақындар жыр додасына қатысып, айтыстың көрігін қыздырмақ. Олардың қатарында ерлі-зайыпты Тоба Өтепбаев пен Жібек Шахмарданқызы, ағайынды Мамай мен Балтасар Ізтілеуовтер, Серік пен Әбдірахман Алпысовтар, аналы-балалы Салтанат Өтелбаева мен Нұрсұлтан Қасым сияқты айтыс өнерін атадан балаға жалғап келе жатқан ақындар бар.
Кешті ұйымдастырушылар:
1. Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы;
2. Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.
Өтетін орны:
Алтынсарин аудандық мәдениет үйі.
Уақыты: 15 мамыр, сағат 15:00.
Кіру тегін.
Бұрын соңды болмаған ерекше айтыстың куәсі болуға шақырамыз.
Келіңіздер! Көріңіздер!