Қостанай қаласында Нұржан Наушабаев атындағы ІІ – ші республикалық «Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен...» атты жыр-терме, дәстүрлі ән орындаушылар байқауы өтеді.
Өңірімізде екінші мәрте өткелі отырған ән мен жыр сайысына қазақстанның әр қаласынан үміткерлер қатысады.
Байқау Тобыл қаласы, «Алтын дән» мәдениет үйінде өтеді.
Күні: 20.11.2021, басталуы: 15:00