20 қараша күні Тобыл қаласындағы "Алтын дән" мәдениет үйінде тақтақ ақын Нұржан Наушабаев атындағы "Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен" республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді.
Дәстүрлі өнер додасына Қостанай, Алматы, Жезқазған, Семей, Қызылорда, Ақмола облыстары және Аршалы ауданынан ұзын саны 17 өнерпаз қатысады. Айта кету керек, бұл сында Арғынбек Бибітхан, Байдос Қожасағиев және Нұрсұлтан Қасым облысымыздың намысын қорғайды.
Байқау шарты бойынша, үміткерлер Нұржан Наушабаевтың бір әнін және өз қалауындағы тағы бір туындыны орындайды.
Қатысушыларға елге белгілі қайраткерлер, танымал жыршы-термешілер қазылық етеді.
Қазыналы өнерді қастер тұтқан барша Тобыл-Торғай жұртшылығын жауһар жыр мен тағылымды терменің думанына куә болуға шақырамыз!