altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
«Рухани жаңғыру» аясында антропология ғылымының ауқымы кеңейді
13.06.2018
2405
0



 

«Рухани жаңғыру» аясында антропология ғылымының ауқымы кеңейді

 


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылып жатқан «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы үстіміздегі жылдың сәуір айында алғашқы нәтижелерін көрсетті. Қазақ тілінде аударылған кітаптардың ішінде Гарвард және Оксфорд университеттері секілді беделді білім ордаларының оқу бағдарламасына енгізілген Алан Барнардтың «Антропология тарихы мен теориясы» (Alan Barnard «History and Theory in Anthropology Theory») кітабы да бар. Он бір тараудан тұратын кітап антропология ғылымының қалыптасуы мен дамуына, оның теориясы мен мектептерінің пайда болу тарихына арналған.
 

 

Кітапта антропология ғылымының негізгі төрт тармағының бірі – мәдени антропологияға баса назар аударылып, осы саланың Солтүстік Америка және Англиядағы даму өзгешеліктеріне талдау жасалынған. Сонымен қатар антрополияға дейінгі ғылыми түсінікке тарихи шолу, эволюционизм, диффузионизм және мәдени аймақтар теориясы, функционализм және құрылымдық функционализм, әрекеттік бағдар теориясы, марксизм, релятивизм, постмодернизм сұрақтары қарастырылған.

 

Алан Барнардтың жазу үлгісі барынша қарапайым және оқуға жеңіл, соған қарамастан мәтін кешенді үдерістер туралы толық және  егжей-тегжейлі мәлімет береді. Оның мәселені баяндауы үлкен ғылыми пікірталастардың тарихи мәнін, антропология теориясының қалыптасуы мен академиялық мектептердің дамуы сұрақтарын жеңіл қабылдауға мүмкіндік береді.

 

Жалпы батыстық антропологиядағы мәдениетті зерттеу мәселелері бұрынғы кеңестік кеңістіктегі мәдениеттанудан біршама өзгеше болып келеді. Батыстық антропологиямен айналысу және зерттеу жүргізу биология, археология, филология, лингвистика, философия және тағы да басқа пәндерді игеруді және зерттеуді пәнаралық деңгейде жүргізуді талап етеді.

 

Қазақстандық қоғамның жаңғыруы үрдісінде, отандық ғылым мен білімнің әлемдік ортаға кірігуі аясында жас ғалымдардың антропология ғылымы бойынша білім алуы мен зерттеуші ретінде қалыптасуына Алан Бернард секілді танымал ғалымдар еңбектерінің берері көп.

 

 

Атақты антрополог ғалым Алан Барнардтың «Антропология тарихы мен теориясы» (Alan Barnard «History and Theory in Anthropology Theory») еңбегінен бөлек «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында 17 кітап қазақ тіліне тәржімаланды.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақласы жарияланғаннан кейін қазақ тілінде жарық көрген әлемдік маңызы бар оқулықтар:

 

1) Энтони Кенни, «Антика философиясы»

 

2)Энтони Кенни, «Орта ғасыр философиясы»
 

3) Дерек Джонстон, «Философияның қысқаша тарихы»


4) Реми Хесс, «Философияның таңдаулы 25 кітабы»
 

5) Карен Армстронг, «Құдайтану баяны»
 

6) Дэвид Бринкерхофф, «Әлеуметтану негіздері»
 

7) Джордж Ритцер, Джеффри Степницки, «Әлеуметтану теориясы»
 

8) Эллиот Аронсон, «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе»
 

9) Дуэйн және Сидней Шульцтер, «Қазіргі психология тарихы»


10) Дэвид Майерс, «Әлеуметтік психология»


11) Грегори Менкью, «Экономикс»


12) Дональд Куратко, «Кәсіпкерлік: теория, практика, процесс»


13) Рикки Гриффин, «Менеджмент»


14) Ли Энн Пек, Гай А. Рил, «Медиаэтика»


15) Виктория Фромкин, «Тіл біліміне кіріспе»


16) Светлана Тер-Минасова, «Тіл және мәдениетаралық коммуникация»


17) Клаус Шваб, «Төртінші индустриялық революция».

 

«Рухани жаңғыру» аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы көлемінде аударылған оқулықтардың бірқатары еліміздегі жоғары оқу орындарының білім беру үдерісіне еніп үлгерген. Университеттерде оқытылып жатқан жаңа оқулықтардың дені жоғарыда көрсетілген тізімде кездеседі.

ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру