Облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Дәмер Қалқаев пен орталық қызметкері, домбырашы Мұрат Хамитов Федоров ауданына барып, Домбыра күніне дайындық барысын пысықтады
Қазір бұл өңірде маңызды күнге деген дайындық өз кезеңімен жүріп жатыр. Мұрат Хамитов кәсіби маман ретінде ақыл кеңесін беріп, бағыттады. Кездесуге аудан басшылығы да қатысып, алдағы уақытта да домбырашылар осы қарқыннан танбай дайындықты күшейтіп, аудан намысын асқақтататынын сөз етті. Өнерпаздарға сәттілік тілейміз. Басшылыққа қолдау білдіргендері үшін алғысым шексіз.