
Жақыпбек Нұргүл Бижанқызы – доцент, аға оқытушы, "Жетіген" кәсіби мектебінің негізін қалаушы, сондай-ақ, Қазақстанның мәдениет саласының үздігі. Ол ұлттық аспаптарымыздың бірі – жетігенді үйрету мен зерттеу ісінде үлкен еңбек сіңіріп келеді.
Ол "Жетіген аспабының көне құрылымы мен ойнап үйрету әдістері" тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Бұл іс-шара жетіген аспабына қызығушылық танытқан өнерпаздар мен педагогтер үшін ерекше мүмкіндік болды.
Шеберлік сағатында жетігеннің көне бұрау әдістері мен құрылымдық ерекшеліктері қарастырылды.
Көне бұрауда гамма мен жаттығуларды орындау жолдары үйретілді.
Екі қолдың қойылымы және орындаушылық шеберлікті дамыту әдістері түсіндірілді.
Репертуар таңдау бойынша ұсыныстар берілді.
Көне бұрау әдісі жетігеннің байырғы құрылымына негізделіп, оның табиғи дыбыс мүмкіндіктерін толықтай ашуға мүмкіндік береді.









