Қостанай ауданы «Алтын дән» мәдениет үйінде кәсіби қобызшыларға арналған шеберлік сағаты өтті
Іс-шараны Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы ұйымдастырды.
Шеберлік сағатына аудандық және қалалық мәдениет үйлерінің қазақ ұлттық ансамбльдерінің қобызшылары қатысты.
Іс-шраны республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегері, «Мәдениет саласының үздігі», Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы Тәшімова Ботагөз жүргізді.
Қатысушылар тақырыптар бойынша теориялық және практикалық білім алды:
✅ Қобызда орындаушылық техникасын жетілдіру
✅ Ансамбльдегі жұмыс ерекшеліктері
✅ Сахналық мәдениет
✅ Репертуарды жаңарту және дамыту
Тәжірибелік бөлімде қобызшылар жеке және топтық орындауда өз шеберліктерін көрсетіп, білікті маманнан кәсіби кеңестер алды. Сондай-ақ, қазақ ұлттық ансамбльдерінің орындаушылық дәстүрлері, заманауи репертуардағы өзгерістер мен қобыздың мүмкіндіктері талқыланды.
Соңында қатысушыларға сертификаттар табысталып, алдағы уақытта да осындай кәсіби кездесулер өткізу қажеттігі аталып өтті. Ұйымдастырушылар шеберлік сағатына белсенді қатысқан қобызшыларға алғыс білдіріп, олардың шығармашылық жетістіктеріне сәттілік тіледі.
Бұл іс-шара қобыз өнерін дамытуға, ұлттық музыкалық дәстүрлерді сақтауға және жас музыканттардың кәсіби шеберлігін арттыруға зор үлес қосты.