Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жетігеннің үні» атты облыстық жетігеншілер байқауына қатысушы жетігеншілеріне арналған шеберлік сағаты өтті
07.02.2025
247
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Шараның мақсаты – ұлттық музыка өнерін насихаттау, жетіген аспабын меңгерген талантты орындаушылардың шеберлігін арттыру және тәжірибе алмасу.
Шеберлік сағатын Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының солисті, республикалық ән байқауларының лауреаты, жетігенші Сәуле Жұмабай мен Қостанай ауданы білім бөлімінің балалар музыка мектебінің оқытушысы, жетігенші Құлымбетова Мөлдір Қонысбайқызы жүргізді. Оқытушылар жетігеннің орындаушылық ерекшеліктерін, тарихын, дәстүрлі және заманауи ойнау тәсілдерін таныстырып, қатысушыларға өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ, қатысушыларға жетіген аспабында түрлі техникалық әдістерді жетілдіру бойынша практикалық тапсырмалар беріліп, олар кәсіби мамандардың жеке кеңестерін алды. Жетігеншілер қазақ халық әндері мен күйлерін, заманауи шығармаларды орындап, өзара тәжірибе алмасты.
Іс-шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, осындай шеберлік сағаттарының ұлттық өнерді дәріптеудегі маңыздылығын ерекше атап өтті.