«Көңіл толқыны» күйінің 40 жылдығын атап өту мақсатында шеберлік сағатты осы күймен ашып, іс-шараның маңыздылығын арттыра түсті.
Отырыс барысында алдағы Домбыра күніне арналған жоспар талқыланып, күйлер таңдалып, іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуі жөнінде ұсыныстар айтылды. Облысымыздың түкпір-түкпірінен домбырашылар, домбыра үйірмелерінің жетекшілері мен қазақ ұлт аспаптар ансамбілдерінің жетекшілері қатысты.
Шеберлік сабағы халық шығармашылығы орталығының әдіскері Мұрат Хамитовтың жетекшілігімен жүзеге асты. Ал модераторлықты халық шығармашылығы көркемөнерпаздар орталығының басшысы Дәмер Елтайұлы атқарды.
Халық шығармашылығы орталығының қызметкерлері мен көркемөнерпаздар қауымдастығы үшін ерекше маңызы бар іс-шара екені анық.
Іс-шараға қолдау көрсеткен «Мирас» мәдениет сарайының әкімшілігі мен ұжымына ерекше алғыс білдіреміз.







