Облыстық халық шығармашылығы орталығының мамандары «Зерделеу» бағдарламасы аясында Қарабалық ауданында болып, Ұлттық домбыра күніне дайындық барысын пысықтап қайтты
Ауданның жас домбырашылары бас қосты. Олар өздерінің дайындықтарын көрсетіп, ақыл кеңес алды. Алда болатын іс-шаралардың жай-күйімен танысып, талқылады.
Сонымен қатар орталықтың бөлім басшылары құжаттарды тексеріп, цифрлық көрсеткіштерді ссалыстырды. Бәрі ойдағыдай, еш қателік жоқ. Атқарып жатқан жұмыстары өте жақсы.
Ауданда алдағы уақытта спартакиада өтпекші. Іс-шараның концертке дайындығы да пысықталды.