Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының ұйымдастыруымен өңір жетекшілеріне арналған "Жетіген аспабында күй орындаушылық шеберліктерін шыңдау және дамыту жолдары" атты шеберлік сағаты өтті.
Орталық басшысы Дәмер Елтайұлы сөз сөйлеп, барша жетігеншілерге сәттілік тіледі.
Мөлдір Құлымбетованың шеберлік сағатына Алтынсарин, Федоров, Жітіқара, Б.Майлин, Меңдіқара, Қостанай аудандарынан 10 жетігенші қатысты.
Шеберліктерін шыңдаған жетігеншілерге сериификаттар табысталмақ. Ал өткізуші Мөлдір Құлымбетова орталық басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Ғимарат ұсынған Қостанай аудандық "Алтын дән" мәдениет үйінің басшысына, қызметкерлеріне алғыс білдіреміз.