Бүгін Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығында шеберлік сағаты өтті
"Арқа мен Қаратау өңірінің күйшілік мектебі" тақырыбында аймақ домбырашыларына арнап Мәдениет саласының үздігі, дәулескер күйші Мұрат Хамитов өткізді.
Өз шеберлігін шыңдау үшін Қамысты, Әулиекөл, Меңдіқара, Б.Майлин, Жітіқара, Алтынсарин, Қарасу аудандарынан 10-нан астам домбырашы қатысты.
Шеберлік сағатында Тәттімбет, Сүгір және т.б. күйшілердің шертпе күйлерінің тарихы, оны нақышына келтіріп ойнау әдісі, техникасы жайлы өтті.
#ГидПоКазахстану




