Қазақстандағы жетіген профессионалды мектебінің негізін қалаушы, өнер зерттеушісі, мәдениет саласының үздігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға ұстазы Жақыпбек Нұргүл Бижанқызы Қостанайға келді.
Көне аспапты кәсіби тұрғыда дамытып, халыққа оралтқан Нұргүл Бижанқызы Жастар сарайында «Жетіген аспабының тариxы және әдістемесі» атты шеберлік сағатын өткізуде. Екі күн бойы білгенімен бөлісіп, ұлттық аспаптың қыр-сырын ашпақ.
Шара облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өтуде.