altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: «ӨРТЕҢГЕ ӨСКЕН КӨК ҚҰРАҚ»
16.09.2026
139
0
Қ. Мырзалиев «Жазмыш» кітабында: «Ал ақындар арасындағы әулиелік бүгін ғана басталған қасиет емес. Ол баяғыдан келе жатқан қасиет» , – дей келіп, әлем ақындарының біразының көріпкел-әулиеліктерін нақты мысалдармен дәлелдеп көрсетеді. Осы ақындардың қатарына Кеңшілікті де жатқызуға айғақ боларлық өлеңдері мен оқиғалар жеткілікті.
 
1988 жылдың күзінде қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты Шилі кеңшарында ақын Қайнекей Жармағанбетовтің туғанына 70 жыл толу мерекесі өтті. Кешті сол кездегі кеңшар директоры, ақынның етжақын туысы Кәрімжан Бекболатов ағамыз бен маған жүргізу тапсырылды. Кештің ортасынан ауа бере Кеңшілік:
 
– Ағайын, құрметті халайық, – деп жиналғандардың назарын өзіне аударып: – Қақаңның тойы керемет өтіп жатыр. Мұндай той кез келген жерде өте бермейді. Ертең Ахаң (Ахмет Байтұрсынұлы – С.О.) ақталғанда да менің Жақан ағам (Сол кездегі аудан әкімі – Ж. Қосабайұлы – С.О.) бұдан да халық айта жүретіндей ғажайып той өткізетініне сенемін! – деді.
 
Бұл оның ақындығы да, батылдығы да еді. Кеңшілік айтқандай, Ахаң, Жахаң ақталып, Торғайда керемет той өтті. Басы-қасында аудан әкімі Жақан Қосабаев жүрді.
 
Қатар өскен жігіттер Кеңшілікпен кейде келісіп, кейде керісіп жүрсе де майталман ақындығын мойындайтын. Ол біреулердің қолпаштауымен немесе үгіт-насихатымен емес, өлмес, өршіл өлеңдерімен мойындатып кетті. Оның бар болмысының өзі поэзия, іңкәрі өлең болатын. Мағжан Жұмабаев ақталмай тұрып ұлының атын Мағжан қоюы да жыр әлеміне ерекше ынтықтығы емес пе?!
 
Қолымда Кеңшіліктің 1961 жылы қыркүйектің жиырма екісі күні бастап жазған кішкене қойын дәптері. Одан он бес жасар баланың жүрек лүпілі, аппақ арманы сезіледі. Алғашқы махаббаты да із тастап үлгеріпті. Көз алдыма «Қадырдан (Қадыр Мырзалиевтен) хат алдым» деп қуанып жүретін толқынды сары шашты бала келе қалды, ақ шағылды Ақшығанақ ауылы, Торғай, Тосын елестеді. Топырағың неткен құнарлы еді, Торғай! Кішкене дәптердің сарғыш беттеріне үңіле түстім. Кеңшілік күбірлеп тұрғандай.
 
Аяғын жаңа басқан сәбидей жырлар еркелеп, сонау бір күндерге жетелейді:
 
«Шоқысын сонау күн сүйіп,
«Қарсақ» шың маңғаз – бір талғар.
Қарт «Қарой» жатыр күрсініп,
Тәтті ойлар баурап бұл таңдар.
 
Топырағың – торқа, далаң – гүл,
Қыз-Тосын сенде кіл көктем.
Торғайым толы жаран-жыр,
Ақынның елі бұл неткен?!
О, туған жер, жырымсың!»
 
 
 
Он бес жасар Кеңшілік туған жер туралы осылай тебіренеді. «Қарт «Қарой» жатыр күрсініп» деген жолы қандай әдемі?! Бейнелі айтылған.
 
Қара сөздерінен де қарымдылығы, алымдылығы аңғарылады. Сөйлемдері арманға, болашаққа деген сенімге, талпынысқа толы.
 
«Бұл блокнот өз шығармаларыма, сонымен бірге мектептегі қызықты күндер келбетіне, өмір тәжірибелері мен достық дарқандығы жайында, қызықтар мен «адам жанының инженерлерінің» асылдарынан үзінділер жазу үшін арналса абзал емес пе?! Жастық шақтағы сан істер ертең өрге өрмелеп шал болғанда жастық шақ көз алдыңа осы блокноттан елес бермей ме?! Сонда мен жастықты, «шіркін, жастықты» еске алмаймын ба?! Сонда мен тай-құлындай тебісіп өскен достар Серікті, Кәдірді, Талғатты, Ерболат, Нағымжандарды көз алдыма елестетпеймін бе?! Сонда мен олардың өмір-тағдырларын өз өмір оқиғаларыма қосып, өмір тәжірибесіне көз жібермеймін бе?! Сонда тұрып:
 
«Жиырма бес, отыз бес пен, қайран, он бес,
Үшеуі үш күн қонған қонақ екен…»
 
деп бір әндете келіп, ырғақпен артынша айтып өтпеймін бе тағы мына бір жолдарды:
 
«Дүниеде жастық қызық, жастық опық,
Қызбалық дегізбей ме басты құдаң».
 
Ой мен қиял теңізіне жүзбеймін бе?! Сонда тұрып шалалыққа өкініп, көңіл толар іске күлмеймін бе? Сонда бұл блокнот қадірлі, ең қымбаттың бірі, нағыз ескерткіш емес пе?! 1961. 22 сентябрь». (Қолы)
 
Иә, «сонда мен жастықты еске алмаймын ба?» деп өзі жазғандай, алғашқы жинағында-ақ сол жастықты тебірене жырлаған жоқ па?!
 
«Өлара мезгіл…
Он алты жаста едік біз,
Өлара өтсе, өруге жүрген елікпіз.
Сансыз табандар сарсылған дүние, сенi біз
Тауыса алмаспыз, «армансыз кезсек» дедік біз.
Жалғыз да жарым жарытпай жайық жапанға,
Тұяғы барлар туған соң тыныш жатар ма!
Қырық құбылып құралай ертең өткен соң
Құлындай ойнап шығамыз біз де сапарға.
 
…Өлара мезгіл…
Өтсе ғой енді тезірек,
Жолыңды ашты жаңа бір маусым кезі кеп,
Безініп тумай, сезініп туып барлығын,
Бүлкілдеп тұрған бір «пәле» екенсің, о, жүрек!»
 
Сол «Іңкәр дүние» атты тұңғышындағы мына бір шумақтар ше?!
 
«Он бестен он алтыға жеткен кезім,
Өндірдей өлкем де өзім, көктем де өзім.
Жүйткіген жүйрік сезім – көкпек желім,
Масаты мақпал майса көк пен жерім!
 
Сағымды көкжиекке дала күрмеп,
Жапырақ жанданады самал үрлеп.
Жапырақ шайқалғанда, саусағымен
Шертеді шабытымның шанағын кеп…»
 
Шынында да сонау бір балғын шаққа бастап, балдай сезім ұялатпай ма көңілге?! Дыбыс үндестігін (аллитерация, ассонанс) қалай ұтымды пайдаланған?! Өлеңде әдемі сурет, жанды баурар жылылық, тапқырлық бар. «Көкжиекті сағым көрсетпей тұр» десе жай қарапайым қара сөз болып қалар еді. «Сағымды көкжиекке дала күрмеп» деп бейнелей, бедерлей жазады ақын. Шынайы поэзия осындай болса керек! Сөзді ойната, сөзбен сурет сала білетін сезімтал ақын тапқырлық жасаған.
 
Ол жансыздың бәріне жан бітіріп, тілсіз әлемді сөйлетеді. Бұл шынайы таланттың, сол құдай берген талантты ұштай білудің нәтижесі. Тағы да өлеңдері әлі шала, бала Кеңшіліктің өлеңдерін оқиықшы:
 
«Алқынған жүрек сырын сезесің бе,
Махаббат мазағына төзесің бе?
Әлде сен жүрегімді жүйкелетіп,
Жат кеуде жалтырында жүзесің бе?»
 
Немесе:
 
«Қарағым, жүрек сырын бермей,
Бақшаңнан махаббатым гүлін көрмей,
Соғады, жүрек әсте тоқтамайды,
Кеудеме жыр ойнатып, тыным көрмей».
 
 
 
«Махаббат мазағына», «жүрегімді жүйкелетіп, жат кеуде жалтырында жүзесің бе» деген жолдардағы «мм», «жжжжж» болып қайталанып тұрған сөздер қалай үндеседі?! Бұл өлеңдер 1962 жылы Кеңшіліктің он алты жасында жазылған. Сол кездің өзінде бозбала ақын дыбыс үндестігін, сөз сиқырын аңғара білген, өлеңдерінде қолданған. Ана сүтімен келген ақындық бұл!
 
Кеңшілік жастық туралы көп жазған ақын. Жастық шақтың келте екенін аңғарған ол ғұмырдың да қамшының сабындай қысқалығын сезінген сияқты. Өмірге құштар жан жастық дәуреннің әр күнін, әр минутын қимай, сол кезде былайша сыр толғапты-ау:
 
«Жастықтың жалын жылдары-ай. Жастықтың албырт, аңғал күндері-ай. Шіркін, жастық, адам өмірінің ұмытылмас, майталман шақтары. Қайран жастық! Өтесің де кетесің. Мың күнің бір күндей ағынды. Әр минутың арманды. Қайран жастық!
 
«Көңілді көктем етіп,
Жүректі өктем етіп»,
шоқы-биік боласың да өтесің. Шіркін, сендегі қызықтың қырманы-ай! Сендегі асылдықтың арманы-ай. Сөйтіп жүрекке әмірші боласың да өтесің.
 
Мың күнің минуттай өтеді де кетеді. Қайран жастық! Соңыңнан жанды қуғызып жеткізбейсің, желаяқ! Шіркін жастық! Талаймен қош айтысып, зымырай өтесің. Судан жалақ алған, қайран жастық!»
 
Ұйқасы жоқ демесеңіз, өлең ғой бұл! Ақ өлең. «Ақ өлең дейтін көркемсөз ұйқасқа емес, ырғаққа, лепке, ритмге құрылады. Оған ұйқастың себі де жоқ, зияны да жоқ» (Мүсірепов Ғ.). Арманшыл бозбаланың ішіне сыймай, сыртқа шыққан жалыны бұл! Ақын өлеңге барар жолда тіл ұстарту үшін әдейі жазған ба деп те ойлап қаласың. Қалай болғанда да қаражаяу адамның тірлігі емес. Шынында да бозбаланың осы бір лепті, ырғақты жолдары кейін өлең жолдарына айналып, өлмес дүние болып қалған жоқ па?!
 
«…Балалық тәтті елес қой, тәтті түс қой,
(Түс екеш түстің өзі қақтығыс қой)
Балалық – бейкүнә сүт, періште сүт,
Алғашқы және ақырғы ақтық іс қой.
Аңғармай алақаннан шашып алған
Бір уыс балалығың ақ күміс қой…»
 
Сол сияқты:
 
«Пендеге біткен дүние,
Байлық па, бақ па, бәрібір,
Көзіңнен бір күн ұшады –
Тағдырдың берік заңы бұл».
 
Әйтпесе:
 
«…Көзің жетер, көзің жетер бір күні
Өзіңе өзің жеткізбейді тірлігің.
Жүйрік-тірлік!
Ұрпағыма іліксін тек шылбырың!»

Кеңшілік өлеңді өмір, өмірді өлең деп білетін. Ол поэзияға жан-тәнімен ғашық еді!
 
Екеуміз 1964 жылы Алматыға қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетіне оқуға келдік. Бірге отырып шығарма жаздық. «Шығарманы өлеңмен жазбаңдар» деген оқытушылардың ескертпелеріне қарамай, Кеңшілік шығармасын өлеңмен жазды.
 
Сосын шығармасының соңына «құласам өлеңнен құлайын!» деп, қолын қойды… Сол жазған дүниесін тауып алып, енді оқып көрсе ғой деймін, шіркін… Сол кезде шығармасын тексергендер қалай түсінбеді екен? «Құласам өлеңнен құлайын!» деген бір сөзі үшін-ақ жоғары баға қойып жіберуге болар еді ғой!..
 
«Адамда не көп, ой көп. Ұшан-теңіз, кеме болып жүзе берсең, шегіне жету қиын-ақ, – деп жазады Кеңшілік тағы да мына қойын дәптерінде. – Сол ойлар мен үміттер кейде сеніммен қоян-қолтықтасып, арман асуларын құрайды ғой. Сол армандар әсері жаныңды тербетіп, шыңына шығатын қанат беруі де ықтимал. Көптен бері көкейде жүрген ойлар еді… арманға айналғандай. Сол жайында түрте кетуді жөн санасам.
 
Тілерің де тілегің де көп, жүрек. Жазармын әлі, ауылым, шіркін, жастық жылдарым! 1962 жыл. 1 январь».
 
Ақын бала осылай өзімен өзі сырласып, ақ қағаз бетіне аппақ арманын тізіпті. Қайран, «Іңкәр дүние-ай» десеңші! Кеңшілік сол ынтығына қол жеткізіп, артына асыл мұра қалдыра білді. «Іңкәр дүние», «Дүбірлі дәурен», «Көктем көкжиегі», «Сәруәр», «Революция перзентттері», «Замандас сыры», «Ауыл мен астана», «Қасиетті қас қағым», «Балалық шақ балладалары», «Дәуір дастан» секілді жинақтары оқушылар көңілінен шығып соны биіктерге көтерді.
 
Әттең, дүние-ай, шығар биігі әлі алда еді… Өкінгенмен бола ма, шара бар ма тағдырға?!
 
«…Кімде жоқ дейсің өкініш,
Мүмкін, кейіндеу бармақ тістер­мін.
Мүмкін мен-дағы басты шайқармын,
Шаштым, төгілдім, шайқалдым,
«Өмір сүрдім!» деп айтармын!» –
деп өзі жазғандай, ол шынында да өмір сүрді! Өйткені айтарын бүкпесіз айта алған ақын өмір сүреді де!
 
К. Мырзабеков Қостанай облыстық «Коммунизм таңы», Алматы облыстық «Жетісу», республикалық «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде, «Парасат» журналында қызмет істеді. Оның публицистикалық шығармалары да өлеңдей өріліп, өнер туындысына айналып кететін. Ақын – қарасөзде де ақын. Ол өз алдына бір әңгіме…
 
 
Серікбай ОСПАНҰЛЫ,
Қазақстанның Құрметті Жазушысы,
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
09.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет сарайының 1-қабатындағы фойеде ретро би кеші өтті
07.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
7 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласында спорт ардагері Бекбосынов Өтебек Мырзахметұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы еркін күрестен Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті
06.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Өшпес өнеге - ұстаздан
04.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық іс-шаралар аясында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің 35 жылдығына арналған бірқатар концерттер өткізілуде
03.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні «Караван» ВАА тобы Лисаковск қаласында Қарттар күніне орай зейнеткерлерді мерекемен құттықтады
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2 қазанда сағат 17:00-де Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовтың жетекшілігімен «Ақ дариға» халық хорының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @zhuldyz_studio - 🎶 «Ақ Дариға» халық хорының концертінде біздің оқушыларымыз хор ұжымымен бірге өнер көрсетті!
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Бүгін Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара аясында «Мирас» мәдениет үйінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Халықаралық қарттар күні ерекше бір сапармен басталды
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @b.akkozhina - Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Алтын жас» шығармашылық фестиваліне қатыстым
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні сағат 16:30-да “Мирас” қалалық мәдениет сарайы ғимаратының 2-қабат фойесінде Қарттар күніне арналған «Күзгі вальс» атты ретро-би кеші өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда сағат 15:00-де “Мирас” қалалық мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда Мирас мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» атты сәндік, қолданбалы, бейнелеу және қолөнер көрмесі өтті
01.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
30.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
30 қыркүйекте «Мирас» қалалық мәдениет сарайының директоры З. Иманова және оның қызметкерлері ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады. Бұл күні қонақтарға жылы лебіздер айтылып, зор денсаулық, бақ-береке, ұзақ ғұмыр және көңіл-күйдің көтеріңкі болуын тіледі!
29.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Сіздерді 2 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет үйінде өтетін «Ақдариға» халық хорының концертіне шақырамыз! Кіру тегін!
28.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
28 қыркүйек күні сағат 11:00-де «Петрушка» балалар театры @petrushka_kst жетекшісі Хабибулина Н.Д.«Жанұя» @zhanyia.kst балалар үйіне барды
28.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Туған жерге тағзым» мерекелік кеші өтті
28.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Мұқаш – ел аманаты» атты тарихи қойылымының премьерасы өтті.
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Өшпес өнеге - ұстаздан
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
06.10.2026
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
01.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру