Хореографиялық салада Қазақстанның көптеген қалаларында және елден тыс жерлерде танымал Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кентінін "DIAMONDS" ұжымына 12 жыл болды. Қазір командада 6 жастан асқан елуге жуық бала бар. Ұжымды Орлова Евгения Александровна басқарады. Қазіргі уақытта"DIAMONDS " еліміздің бес ең үздік хореографиялық ұжымына кіреді. 2024 жылы ұжымға "Үлгілі" атағы берілді.