15 тамыз-Қазақ вальсінің королі атанған, Қазақстан Республикасының әнұранына айналған "Менің Қазақстаным" әнінің авторы, ән падишасы Шәмші Қалдаяқовтың 90 -жылдық мерейтойына арналған мерекелік концерт өтті. Аудандық мәдениет үйінің әдіскері Ғалымжан Маутанов сазгердің ролін тамаша сомдап шықты. "Сыған серенадасы", "Қайдасың" сияқты әндері орындалды.
Шәмші Қалдаяқов туралы шағын бейнеролик түсірілді. ҚР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Бақытжан Сәуекенов ағамыз Шәмші Қалдаяқовпен алғаш қалай кездескені туралы баяндап берді және композитордың көпшілік біле бермейтін "Жақсыгүл" атты әнін сырнай аспабының сүйемелдеуінде орындап берді.