23 сәуір күні жас айтыскер ақын, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университетінің ІІІ-курс студенті Дінмұхамбет Құсайыновпен «Туған елге арнау» атты онлайн сұқбат өтті. Сұқбатты аудандық мәдениет үйінің басшысы әрі Дінмұхабеттің ұстазы Нағашыбай Мұрат Жақсылықұлы өткізді. Кездесу барысында ақындық жолға қалай келгені жайлы, туған жері, болашақ мамандығы жайында біраз сұрақтар қойылды. Дінмұхамбет өзі жайлы, балалық шағы туралы, рэпер болуды армандағынын,айтыс өнеріне қалай келгені жайлы біраз әңгімелер айтты. Кездесуден Дінмұхамбет нағыз ұлт-жанды өз елінің патриоты болып келе жатқанын байқадық. Сұқбат барысында шығармаларынан үзінділер оқыды. Кездесу соңында туған елге, жеріне, халқына арналған арнауын орындап берді. Сұқбат соңында Дінмұхамбетке шығармашылық табыс, оқуын ойдағыдай аяқтап, еліне қызмет жасайтын азамат болуына тілектестік білдірілді.